10 000 АЕК мөлшерінен асып кетті: халықаралық тасымалдау кезінде ҚҚС бойынша есепке тұру міндетті ме?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне тұру үшін ең төменгі айналым шегі 10 000 АЕК құрайды.

ҚР Салық кодексінің 99-бабына сәйкес, егер күнтізбелік жыл ішінде салық төлеушінің айналымы бұл шектен асып кетсе, ол аумақтық мемлекеттік кірістер органына (МКБ) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру туралы өтініш беруге міндетті.

Өтініш беру мерзімі: айналым шектен асқан ай аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейді.

Халықаралық қызмет көрсететін тасымалдаушылар не істеуі керек?

Тасымалдаушылар үшін ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесі (0%) мен ҚҚС-тан толық босату арасындағы айырмашылыққа назар аудару маңызды – есепке тұру қажеттілігі тікелей осыған байланысты.

ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесі (0%) тіркелу міндетті

Салық кодексінің 468-бабына сәйкес, халықаралық тасымалдау қызметтерін өткізу бойынша айналымдарға 0% мөлшерлемесі бойынша салық салынады, оның ішінде:

  • экспортталатын және импортталатын тауарларды тасымалдау;
  • ҚР аумағы арқылы транзиттік жүктерді тасымалдау;
  • халықаралық жолаушылар тасымалы;
  • халықаралық қатынастағы жолаушылар пойыздарының (вагондарының) жүріп өтуі.

Есте сақтау маңызды: нөлдік мөлшерлеме ҚҚС-тан босатуды білдірмейді. Мұндай айналымдар салық салынатын болып танылады және ҚҚС бойынша есепке тұру міндеттілігін анықтау кезінде есепке алынады. Егер халықаралық тасымалдау бойынша айналымыңыз 10 000 АЕК-тен асып кетсе, тіпті бюджетке төленетін ҚҚС сомасы 0 теңгені құраса да, ҚҚС бойынша есепке тұру міндетті.

ҚҚС-тан босату – тіркелу талап етілмейді

Салық кодексінің 475-бабында халықаралық тасымалдауға байланысты жекелеген қызметтерді ҚҚС-тан босату көзделген, олардың қатарында:

  • жүктерді тиеу, түсіру және қайта тиеу;
  • экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді экспедициялау;
  • вагондар (контейнерлер) операторларының қызметтері;
  • әуежайлар мен теңіз порттарының халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша қызметтері;
  • әмбебап пошта байланысы қызметтері және тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жөнелту;
  • 475-бапта тікелей көзделген өзге де қызметтер.

Қорытынды: Егер көрсетілетін қызметтеріңіз Салық кодексінің 475-бабына сәйкес келсе (салықтан босатылған айналым), тіпті 10 000 АЕК шегінен асқан кезде де ҚҚС бойынша есепке тұру талап етілмейді.

Салық органынан хабарлама келсе не істеу керек?

Егер салық органы ҚҚС бойынша есепке тұру қажеттілігі туралы хабарлама жіберсе, ал сіздің айналымдарыңыз салықтан босатылған операцияларға (475-бап) жатса, сіз растайтын құжаттарды (шарттар, актілер және т.б.) қоса бере отырып, ресми түсініктеме беруге құқылысыз.

Маңызды: ҚҚС бойынша есепке уақтылы тұрмау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 369-бабының 3-бөлігіне және 275-бабының 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1266294?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді