
Шымкент қаласының тұрғыны интернет-алаяқтардың әрекетінен 8 миллион теңгеге жуық қаржылай шығынға ұшыраған.
Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар тұлға анықталып, ұсталды. Келтірілген материалдық шығын толық көлемде өндірілді.
Осыған байланысты жәбірленуші тәртіп сақшыларына кәсібилігі мен жедел әрекеті үшін алғысын білдіріп, олардың атқарған жұмысына жоғары бағасын берді.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ескертеді: өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырған тұлғаларға жеке және банк деректерін, сондай-ақ SMS-кодтарды бермеңіз. Күмәнді қоңырауларға сенбей, ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1266271?lang=ru

Жауап қалдыру