АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев ауданның белсенді азаматтарымен кездесу өткізді. Жиынға құқық қорғау органдары, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Кездесу барысында белсенді азаматтар елдімекендегі өзекті мәселелерді көтеріп, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, ауызсу, газдандыру, жер қатынастары, білім беру салаларына қатысты мәселелер талқыланып, көтерілген сауалдарға жауаптар берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Жиында Бадам ауылының белсенді азаматы ауыл аумағындағы бұлақтың көзін ашу жөнінде ұсыныс білдірді.
Бұл бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясындағы «Мөлдір бұлақ» бағытымен үндеседі. Аудан әкімі ұсынысты қолдайтынын айтып, бұлақ көзін ашу жұмысына тиісті сала мамандарымен бірге атсалысатынын жеткізді.
Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол кедергілерін орнату жөнінде ұсыныс айтылды.
Кездесу барысында көтерілген барлық мәселе назарға алынып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1265668?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді