
Байқау кеңесінде аурухананы дамыту мәселелері қаралды
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің қатысуымен Байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында медициналық ұйымның қызметін жетілдіруге, корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыруға және кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер қаралды.
Байқау кеңесінің мүшелері Даму жоспарының орындалуы туралы есепті қарап, келісім берді, сондай-ақ 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілікті алдын ала мақұлдады.
Сонымен қатар, Байқау кеңесінің қызметі туралы есеп және Байқау кеңесі мүшелерінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Отырыс аясында Тәлімгерлік туралы ереже және Ұжымдық шартқа қосымша болып табылатын Еңбекақы төлеу туралы ережеге енгізілген өзгерістер бекітілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1266067?lang=ru

Жауап қалдыру