
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жанат Жеңісбекқызы Айтпаева азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық, білім беру, әлеуметтік қолдау және өзге де өзекті мәселелер бойынша азаматтардың өтініштері қаралды.
Барлық өтініштер жұмысқа қабылданды. Әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
📍 Азаматтарды қабылдау әр сейсенбі күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін алдын ала жазылу арқылы өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1265673?lang=ru

Жауап қалдыру