Департаменттің лицензиялау бөлімінің мамандары «Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары Екібастұз колледжі» ЖШС-інде орта білімнен кейінгі білім беру мамандығы бойынша лицензияға қосымша беру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында рұқсат беру бақылауын жүргізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екібастұз қаласының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Колледж орта білімнен кейінгі білім берудің «Логопедия» мамандығы бойынша педагог кадрларды даярлауды жоспарлап отыр.

Оқу процесін жүзеге асыру үшін заманауи материалдық-техникалық жабдықтар, қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алынуда, арнайы пәндерден сабақ беру үшін мамандар тартылды.

Барлық жұмыс әлеуетті жұмыс берушілер болып табылатын қаланың білім беру ұйымдарымен толық қолдау жағдайында әрі тығыз ынтымақтастықта жүргізілуде.

Рұқсат беру бақылауын жүргізу барысында Колледжге қосымша алуға берілген өтініште көрсетілген мәліметтердің бақылау сәтіндегі нақты деректерге сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.

Осы өтініш бойынша шешім рұқсат беру бақылауының қорытындыларын ескере отырып, лицензиялау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысында қабылданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1266143?lang=ru

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді