Ерлан Ақкенженов АҚШ Елшісімен өңірлік энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.

Өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экспорттық инфрақұрылымның сенімді жұмыс істеуі және әлемдік нарықтарға энергия ресурстарын тұрақты жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, инвестициялар тартуға және энергетика саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған Стратегиялық энергетикалық әріптестік аясындағы белсенді диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1266001?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді