ГРЭППЛИНГТЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА САЙРАМДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ордабасы ауданының Темірлан ауылындағы «Темірлан» спорт кешенінде балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында грэпплингтен (AIGA нұсқасы) Түркістан облысының чемпионаты өтті.
Дүбірлі додада Сайрам ауданының спортшылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарыс қорытындысы бойынша сайрамдық балуандар келесі нәтижелерге қол жеткізді:
🥇 Абдиганиев Умар (26 кг) – І орын;
🥇 Нематжанов Салманхан (29 кг) – І орын;
🥇 Нишантаев Юсуф (63+ кг) – І орын;
🥈 Бахадиров Бекнур (38 кг) – ІІ орын;
🥉 Абдиганиев Азиз (43+ кг) – ІІІ орын.
Бұл жетістік – спортшылардың табанды еңбегі мен жүйелі жаттығуының, сондай-ақ жаттықтырушының кәсіби біліктілігінің жемісі.
Сайрам ауданының абыройын асқақтатқан спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушысын шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы республикалық чемпионатта да толағай табысқа жетіп, Түркістан облысының намысын абыроймен қорғауларына тілектеспіз.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1266085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді