МӘЖІЛІСТЕ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ САРАЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
МӘЖІЛІСТЕ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ САРАЛАНДЫ
 
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, өндірістік әлеуетті арттыру, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және бюджет қаражатының тиімді игерілуі жан-жақты талқыланды.
 
Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе – биылғы жылдың І жартыжылдығындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалу қорытындысы болды. Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев баяндама жасап, әрбір сала бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалу деңгейіне тоқталды. Жоспарға жетпеген бағыттар бойынша талдау жүргізіліп, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.
 
Сондай-ақ, мәжілісте аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев қала, кент, ауылдық округтерде өндірістік парктер құру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасаса, жергілікті әкімдер өз аумақтарында инвестициялық жобаларды іске асыру, кәсіпкерлікке қолайлы өндірістік алаңдар қалыптастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстары бойынша мәлімет берді.
 
Бұдан бөлек, аппарат мәжілісінде аудан әкімінің орынбасарлары «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ұсынылатын жобалардың жай-күйі, ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды ағын сумен қамтамасыз ету мәселелері, «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасының орындалуы, елді мекендердің санитарлық тазалығы, ауыз су қызметіне қатысты берешек қарыздарды азайту бағытындағы жұмыстар, сондай-ақ, аудан бюджетінің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы жөнінде кеңінен баяндады.
 
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов барлық бағыт бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығына тоқталып, индикаторлық көрсеткіштердің толық орындалуы әрбір мемлекеттік орган мен әкімнің тікелей жауапкершілігі екенін атап өтті.
 
Сонымен қатар, өндірістік парктерді құру жұмыстарын жеделдету, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған жобаларды сапалы жүзеге асыру, ағын су мәселесін тұрақты бақылауда ұстау, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру, ауыз су бойынша берешектерді өндіру және бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты игерілуін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
 
Аудан басшысы барлық жауапты сала жетекшілері мен ауылдық округ әкімдеріне жүктелген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, белгіленген межелерге уақытылы қол жеткізу бағытындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды аудан әкімі аппаратының басшысы Есенгелді Алданиязовқа тапсырды.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1266014?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді