
“Қарасора” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында Mitsubishi Montero Sport автокөлігін тоқтатты.
Жеке тінту барысында 28 жастағы жүргізушіден мефедрон салынған бір зип-пакет тәркіленді.
Автокөлікке жүргізілген тінту кезінде полицейлер мефедрон салынған 18 пластикалық құтыны, 5 зип-пакетті, электрондық таразыны, 120 мың теңге, синтетикалық есірткі затының іздері бар тәрелкені және түтікті тәркіледі.
Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында есірткі заттарын бөлшектеп орауға арналған 4 орам оқшаулағыш таспа және шамамен 100 дана жаңа зип-пакет табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ұсталған азаматтың есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған байланысты ол сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1266083?lang=ru

Жауап қалдыру