Панфилов ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Панфилов ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Панфилов ауданының әкімі ауданның мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында жаңадан тағайындалған аудан прокуроры Мырзабеков Әлібек Хажмұқанұлын таныстырды.

Жиынға Жетісу облысы прокурорының бірінші орынбасары Ержан Мұхаметқалиұлы қатысып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығына сәйкес Мырзабеков Әлібек Хажмұқанұлының Панфилов ауданының прокуроры лауазымына тағайындалғанын ресми түрде таныстырды.

Кездесу барысында аудан әкімі жаңа прокурорды жауапты қызметімен құттықтап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолындағы қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Мырзабеков Әлібек Хажмұқанұлы өзіне жүктелген міндеттерді заң талаптарына сай, адал әрі кәсіби деңгейде атқарып, аудан тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov/press/news/details/1265879?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді