
Қарақия ауданының аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз қару айналымының алдын алу, азаматтық қарудың сақталуы мен пайдаланылуын бақылауды күшейту, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тіркелген қару иелерін тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, қаруды сақтау талаптарының орындалуына бақылау жүргізуде.
Тексеру кезінде қару иелеріне Қазақстан Республикасының заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілуде. Атап айтқанда, қару арнайы жабдықталған сейфте немесе металл шкафта, бөгде адамдар мен балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс.
Сонымен қатар қару иелері:
- қаруды белгіленген тәртіппен тіркеуге және қайта тіркеу мерзімдерін уақытылы сақтауға;
- қаруды басқа адамдарға заңсыз бермеуге;
- қаруды мас күйінде пайдаланбауға;
- қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы дереу полиция органдарына хабарлауға;
- тұрғылықты мекенжайы өзгерген жағдайда тиісті органдарға ақпарат беруге міндетті.
Полиция қызметкерлері азаматтарға қаруды сақтау және пайдалану кезінде барынша жауапкершілік таныту қажеттігін ескертеді. Қару айналымы саласындағы талаптарды сақтау – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясындағы жұмыстар аудан аумағында белгіленген мерзім аралығында жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1266193?lang=ru

Жауап қалдыру