
Қауіпсіз демалыс: ШҚО лагерінде «Мен адам саудасына қарсымын!» акциясы өтті
Жазғы демалыс қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Феникс» үкіметтік емес ұйымының өкілдерімен бірлесіп, Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай балалар лагерінің демалушылары үшін ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырды.
Акцияның басты мақсаты – жасөспірімдерді заманауи жаһандық қатерлерден қорғау, оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және адам саудасына қатысты қауіп-қатерлер туралы ескерту.
Кездесу жеке қауіпсіздік және құқықтық сауаттылық тақырыбындағы интерактивті әңгімелесуден басталды. Балалар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды және тәртіп сақшыларынан пайдалы кеңестер алды. Оқушыларға интернеттегі күмәнді жеңіл табыс ұсыныстарына неге сенуге болмайтыны және қауіпті жағдайларды қалай ажыратуға болатыны түсіндіріліп, бейтаныс адамдарға уақытында «жоқ» деп айтуды және ересектерден көмек сұрауды үйретті.
ШҚО Полиция департаменті еске салады: қырағылық пен хабардар болу – қылмыстық қолсұғушылықтан қорғанатын ең басты құрал. Өскелең ұрпақты кез келген қауіптен тек отбасы, мектеп және құқық қорғау органдарының бірлескен күшімен ғана қорғауға болады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1266229?lang=ru

Жауап қалдыру