«Қазақстан – Чили» достық қоғамының бесінші отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилиа, 2026 жылғы 29 шілде – Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы және Чили Республикасындағы қоса атқарушы Елшілігі «Қазақстан – Чили» достық қоғамымен бірлесіп, Қоғамның бесінші отырысын онлайн форматта өткізді.

Іс-шара көрнекті қазақ ақыны әрі жазушысы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай оның әдеби мұрасына арналды.

Кездесу қатысушыларына Қазақстан Республикасының Бразилиядағы және Чилидегі қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов, «Қазақстан – Чили» достық қоғамының атқарушы директоры Марсия Кастро, сондай-ақ Қоғам мүшелері (Сантьяго Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің жетекші түркологы) Кармен Сандовал Осорио мен (Буэнос-Айрес Ұлттық университетінің Орталық Азия елдері бойынша жетекші сарапшысы) Ануар Теміров алғы сөз жасады.

Олардың испан тілінде ұсынылған баяндамалары Мұқағали Мақатаевтың әдеби мұрасының философиялық қырларын талдауға арналып, конференция қатысушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Негізгі назар ақынның қазақ халқының болашақ ұрпақтарына қалдырған рухани мұрасына, сондай-ақ Чили халқына арналған бірегей поэмасына аударылды.

Іс-шара соңында Марсия Кастро ханымға Қазақстан Республикасы Елшілігінің Қазақстан мен Чили арасындағы мәдениет пен білім беру салаларындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін Алғыс грамотасы виртуалды түрде табыс етілді.

Биыл Қазақстан мен Чили дипломатиялық қатынастар орнатылуының 33 жылдығын атап өтуде. 2022 жылы құрылған «Қазақстан – Чили» достық қоғамы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, ғылыми-техникалық және академиялық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуға ықпал етіп келеді. Ғылыми конференциялар, көрмелер мен концерттік іс-шараларды ұйымдастыру, оның қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1265675?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді