Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е.Ж.Сарсембаевтың төрағалығымен аумақтық әділет органдары басшыларының, заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен атқарушылық іс жүргізу және нотариат салаларына енгізілген заңнамалық новеллалар бойынша аппараттық кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е.Ж.Сарсембаевтың төрағалығымен аумақтық әділет органдары басшыларының, заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары, проблемалық мәселелер, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу және нотариат салаларына енгізілген заңнамалық новеллалар бойынша аппараттық кеңес өтті.

Кеңес барысында аумақтық әділет органдарының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің негізгі нәтижелері қорытындыланып, салалардағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу және нотариат салаларына енгізілген заңнамалық өзгерістердің практикалық қолданылуы, олардың тиімді іске асырылуы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е.Ж.Сарсембаев аумақтық әділет органдарына анықталған кемшіліктерді жою, заңнаманың жаңа талаптарын сапалы іске асыру, халыққа көрсетілетін құқықтық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ белгіленген көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1266112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді