ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы М. К. Сабагановпен 2026 жылғы 29 шілдеде “электрондық еңбек шарттары: қағидалар, мерзімдер, жауапкершілік”тақырыбында сұхбат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда еңбек қатынастарын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Осы бағыттағы негізгі құралдардың бірі – Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ). Бұл жүйе жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары туралы мәліметтерді электрондық форматта есепке алуды қамтамасыз етеді.

Жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын жасасуға және заңнамада белгіленген тәртіппен ол туралы мәліметтерді ЕШЕБЖ-ге енгізуге міндетті. Электрондық есепке алу еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етіп, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының бұзылу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Жұмыскер үшін еңбек шартының электрондық жүйеде тіркелуі ерекше маңызды. Атап айтқанда, еңбек қатынастары туралы мәліметтер еңбек өтілін растау, әлеуметтік кепілдіктерді алу және еңбек дауы туындаған жағдайда өз құқықтарын қорғау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Сонымен қатар, жұмыскерлерге еңбек саласындағы ақпараттық жүйелер арқылы жасалған еңбек шарты туралы мәліметтердің бар-жоғын және олардың дұрыстығын өз бетінше тексеріп отыру ұсынылады. Егер сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, тиісті өзгерістер енгізу үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.

Құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында әртүрлі мемлекеттік ақпараттық жүйелердің мәліметтері салыстырылатын цифрлық мониторинг жүргізіледі. Мұндай тәсіл еңбек қатынастары нақты болғанымен, олар тиісті түрде рәсімделмеген жұмыс берушілерді, сондай-ақ еңбек заңнамасының өзге де ықтимал бұзушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Еңбек қатынастары жұмыстың алғашқы күнінен бастап заңнама талаптарына сәйкес тиісінше рәсімделуі қажет екенін атап өткен жөн. Жұмыскер еңбек шарты жасалмайынша еңбек міндеттерін орындауға жіберілмеуі тиіс.

Жұмыскерлерге еңбек қатынастарын рәсімдеуге жауапкершілікпен қарап, өз еңбек шарты туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеріп отыру ұсынылады. Ал жұмыс берушілер ЕШЕБЖ-ге мәліметтерді уақтылы әрі дұрыс енгізіп, еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі қажет.

Еңбек қатынастарын цифрландырудың басты мақсаты – еңбек нарығының ашықтығын арттыру, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды күшейту және еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылаудың тиімді тетігін қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1265835?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді