
Қарағанды қаласындағы «Altin Komir Service» ЖШС-ге қарасты «Кировская» шахтасында төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтті. Шараға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мен «Көмір» кәсіби авариялық-құтқару қызметі» ЖШС-нің бірінші авариялық-құтқару жасағы қатысты.
Бекітілген жоспарға сәйкес, диспетчерлік орталыққа энергетика және механика бөлімшесінің жерасты электр монтерін тоқ соққаны туралы хабар түсті. Шахта диспетчері төтенше жағдайға ден қою жоспарының ережелеріне сай шұғыл шаралар қабылдап, құтқару бөлімшелерін шақырды.
Оқу-жаттығу барысында кәсіпорын қызметкерлері мен құтқарушылардың өзара іс-қимылы пысықталды. Зардап шеккен азаматқа құтқарушылар тарапынан алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, тиісті қызметтердің жедел әрекет етуге дайындығы тексерілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1266316?lang=ru

Жауап қалдыру