Тасты ауылында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданының Тасты ауылында тұрғындар игілігіне арналған жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған спорт нысаны ауыл тұрғындарының, әсіресе жастар мен балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына және бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді.

Жаңа спорт алаңының ашылу салтанатына Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі өскелең ұрпақтың спортпен шұғылдануы олардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, тәртіптілікке, жауапкершілікке және табандылыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындары аталған нысанның жүзеге асуына үлес қосқан азаматтарға алғыстарын білдіріп, жаңа спорт алаңы ауыл өміріне оң серпін беретініне сенім білдірді.

Тасты ауылында ашылған жаңа спорт алаңы — ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1266257?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді