Түпқараған ауданында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28–30 шілде аралығында Түпқараған ауданының аумағында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жолаушылар мен жүктерді тасымалдау саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту.

Рейд барысында полиция қызметкерлері заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуге, жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын сақтауын бақылауға, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйін тексеруге баса назар аударуда. Сонымен қатар, тасымалдау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Полиция тасымалдаушыларға қойылатын негізгі талаптарды қатаң сақтауды ескертеді. Атап айтқанда, жүргізушілерде тиісті құжаттар толық болуы, көлік құралдары техникалық тұрғыдан жарамды күйде пайдаланылуы, жолаушылар белгіленген нормадан артық тасымалданбауы және жол қозғалысы қағидалары мүлтіксіз орындалуы тиіс. Сондай-ақ лицензиялауға жататын қызмет түрлері заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің тәртібі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1266124?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді