Ыстық ауа райы: жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге арналған ұсынымдар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауа температурасы жоғарылаған кезеңде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауға ерекше назар аудару қажет.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес ашық ауада, жылытылмайтын үй-жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлерге демалу және салқындау үшін арнайы үзілістер беріледі. Бұл үзілістер жұмыс уақытына енгізіледі, ал жұмыс беруші жұмыскерлердің демалуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

Кеңсе жұмыскерлері үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 184-бабына сәйкес үй-жайдағы ауа температурасы, жарықтандыру және желдету санитариялық талаптарға сай болуы тиіс.

Ыстық ауа райында жұмыс берушілерге:

  • мүмкіндігінше жұмыс күнін ертерек бастауды;
  • неғұрлым ауыр жұмыстарды таңертең немесе кешкі уақытта орындауды;
  • рұқсат етілген температуралық режимді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда жұмыс уақытының ұзақтығын қысқарту мәселесін қарастыруды ұсынамыз.

Егер үй-жайдағы микроклимат санитариялық талаптарға сәйкес болса (оның ішінде кондиционерлер пайдаланылған жағдайда), жұмыс уақытын қысқарту талап етілмейді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау жұмыскерлердің денсаулығын қорғауға және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1266206?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді