
Жаз мезгілінде облыс аумағының басым бөлігінде жауын-шашынның аз түсуі мен ауа температурасының жоғары болуына байланысты құрғақшылық сақталуда. Өнімді ылғалдың тапшылығы табиғи шабындықтар мен жайылымдардың қайта көктеуіне, сондай-ақ мал азықтық дақылдардың өнімділігіне кері әсерін тигізуде.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қыстату кезеңін жайлы өткізу мақсатында Ауыл шаруашылығы басқармасы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп, орман қоры жерлерінде орналасқан жайылымдар мен шабындықтарды мал азығын дайындау үшін пайдалану мүмкіндігін ұйымдастырды.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстың орман шаруашылықтарында 267,6 мың гектар жайылымдық және 15,3 мың гектар шабындық жер қолжетімді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен жеке шаруашылықтар мал азығын дайындау үшін қосымша жер учаскелерін пайдалану мақсатында орман билеттерін ала алады.
Аталған ақпарат қалалар мен аудандар әкімдіктеріне жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1265740?lang=kk

Жауап қалдыру