Жылыойда жолданымдармен жұмыс және азаматтарды қабылдау орталығының қызметін жетілдіруге бағытталған оқыту семинары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға ауылдық округ әкімдіктерінің, дербес бөлімдердің, аудандық аурухананың және квазимемлекеттік сектор мекемелерінің жауапты мамандары қатысты.

Семинарды аудан әкімі аппаратының басшысы А.Теміржанов пен Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Ж.Қайырова жүргізді.

Жиын барысында жолданымдармен жұмыс жүргізу және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларын іс жүзінде қолдану мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушыларға жолданымдарды қарау сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік және консультациялық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1265994?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді