Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті.
Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
І тоқсан – 8 оқу аптасы. Күзгі демалыс: 2026 жылғы 26 қазан – 1 қараша (7 күн).
ІІ тоқсан – 8 оқу аптасы. Қысқы демалыс: 2026 жылғы 28 желтоқсан – 2027 жылғы 10 қаңтар (14 күн).
1-сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.
ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы. Көктемгі демалыс: 2027 жылғы 22–28 наурыз (7 күн).
IV тоқсан – 8 оқу аптасы. Оқу жылы 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Сонымен қатар, 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдері де бекітілді. Толық ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.
Видеороликке сілтеме:
instagram.com/reel/DbbAEC3ITBK/?igsh=MXJyMHNyNHpjNHZ2aA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1266468?lang=ru

Жауап қалдыру