Астанада мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіндегі өзгерістер түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіндегі өзгерістерді түсіндіруге, оларды қолдану тәжірибесін жетілдіруге және өзекті мәселелерді талқылауға арналған семинар өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Семинарды Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.
Семинар барысында мемлекеттік рәміздерді пайдалану саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы қолдану тәжірибесі қарастырылды. Сонымен қатар, осы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Іс-шараға Астана қаласының мемлекеттік мекемелері мен оларға бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Мәлікқызы ой-пікір білдірді.

«Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері ту, елтаңба, әнұран. Осыған дейін «гимн» деп аталса, биылдан бастап ресми түрде «әнұран» деп аталады. Мемлекеттік ту елдің барлық аумағындағы барлық мекемеде орналасуы керек. Тек қана шетелдік елшіліктерге ғана туды ілу міндеттелмейді. Оның барлық стандарттын сақтау шарт. Жалпы, рәміздерді қастерлеп, күтіп ұстап, мән-маңызын арттырған жөн», – деді ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1267107?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді