Астанадағы Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесу өтті

Астана қаласындағы Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесу өтті.

Жиында жаңа Конституцияның негізгі қағидаларын іске асырудағы этномәдени бірлестіктердің рөлімен қатар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстың басым бағыттары сөз болды.

Қатысушылар этномәдени бірлестіктердің қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Жиында «Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестиваліне дайындық барысы таныстырылды. Фестивальдің қорытынды кезеңі Республика күні қарсаңында Астанада өтеді.

Кездесу қорытындысында қатысушылар алдағы уақытта да ықпалдастықты жалғастырып, ортақ мақсаттар жолында бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1266741?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді