Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту: Арнаулы мемлекеттік қордан үш аудандық ауруханаға жапсарлас ғимарат салынып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізге қайтарылған активтер есебінен, әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын салу жобаларын жүзеге асыру жалғасуда.

Биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Шалқар, Қандыағаш пен Хромтау аудандық ауруханаларына жапсарлас ғимарат салу жұмыстары басталып кетті. Құрылыс аяқталғаннан кейін медициналық мекемелерге ауданаралық орталық аурухана мәртебесі беріледі.

Шалқардағы аурухана құрылысына жауапты мердігер ұйымның өкілі Ахмет Елеуовтің айтуынша, құрылыс құны – 1,6 млрд теңге. Нысанды салу барысында отандық құрылыс материалдары пайдаланылуда. Қазіргі уақытта жертөле қабаты мен бірінші қабатта электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс басталғалы бері нысанға 30 құрылысшы жұмылдырылған. Жұмыс кестесіне сәйкес жапсарлас ғимарат 2026 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс.

Жалпы нысандар халық игілігіне тапсырылғаннан кейін аурухана заманауи жоғары технологиялық медициналық жабдықтар, оның ішінде компьютерлік томография (КТ) және магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппараттарымен жабдықталады. Бұл аталған аудандар мен оған жақын орналасқан аудандардың тұрғындарына қымбат диагностикалық тексерулерден облыс орталығына бармай-ақ өтуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1266637?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді