Алқа отырысына Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Олжабаевна Жанабергенова төрағалық етті.
Отырыс барысында 2026 жылдың І жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, өзекті мәселелер талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар және Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің нәтижелері;
2026 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған мақсаттар мен міндеттер;
Профилактикалық егулермен қамту көрсеткіштері және осы бағыттағы өзекті мәселелер;
Батыс Қазақстан облысындағы аса қауіпті инфекциялар бойынша 2026 жылдың І жартыжылдығындағы эпидемиологиялық ахуал, өзекті мәселелер және алдағы міндеттер;
2026 жылғы маусым–шілде айларында білім беру ұйымдарында жүргізілген мониторинг нәтижелері мен сауықтыру орындарына ерекше тәртіппен жүргізілген тексерістердің қорытындылары;
2026 жылдың І жартыжылдығындағы бақылау-қадағалау қызметінің және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмыстарының нәтижелері;
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары;
«Орал обаға қарсы күрес станциясының» 2026 жылдың І жартыжылдығындағы қызметінің нәтижелері, туындаған мәселелер және алдағы кезеңге арналған міндеттері.
Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен міндеттер белгіленді. Сонымен қатар құрылымдық бөлімшелердің қызметін жетілдіру және санитариялық-эпидемиологиялық саланың тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Жауап қалдыру