
Бүгін Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезектен тыс қырық төртінші сессиясы ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары және аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асель Мубараковна Жашырбекова қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Бесқарағай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Бесқарағай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әртүрлі мәселелер:
1) Бесқарағай ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;
2) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы №3/9-VІІ «Бесқарағай аудандық бюджеттік комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1266766?lang=ru

Жауап қалдыру