Денге қызбасының алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 шілдеде Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлеріне «Денге қызбасы және оның алдын алу шаралары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді. Семинардың мақсаты – қызметкерлердің Денге қызбасы, инфекцияның берілу жолдары, аурудың клиникалық белгілері және оның алдын алу шаралары туралы хабардарлық деңгейін арттыру болды. Іс-шара барысында Денге қызбасының эпидемиологиялық ерекшеліктері, аурудың негізгі белгілері, инфекциядан сақтану жолдары және эндемиялық елдерге сапар кезінде сақталуы тиіс профилактикалық шаралар жан-жақты түсіндірілді. Семинарға қатысушылар ұсынылған тақырыптарды белсенді талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды. Осындай ақпараттық іс-шаралар қызметкерлердің санитариялық-эпидемиологиялық даярлығын арттыруға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Семинар соңында қатысушыларға Денге қызбасының алдын алу жөніндегі негізгі ұсынымдар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1266566?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді