ЕСКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ КҮТІП-ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🌳 Ескелді ауылдық округінде елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасыл желектерді күтіп-ұстау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстар барысында қураған ағаштар, сыну қаупі бар апатты бұтақтар кесіліп, аумақтар тазартылды. Мұндай жұмыстар көшелер мен қоғамдық орындардың көркін жақсартып қана қоймай, желді ауа райында туындауы мүмкін қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Тазалық пен абаттандыру – ортақ міндет. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1265866?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді