
Кедендік алымдарды төлеуден босатылады:
халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары және оларды пайдалану үшін қажетті материалдық-техникалық жабдықтар;
теңіз кәсіпшілігін қамтамасыз етуге арналған мүлік және кәсіпшілік өнімдері;
ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы барлардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;
акцизделетін тауарларды қоспағанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелінетін тауарлар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша белгілерін жасау үшін әкелетін шикізат;
халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің тауарлары;
халықаралық гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар.
Қосымша:
Тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік декларациялау үшін кедендік алым төленбейді.
Кедендік алымдарды төлеуден босату үшін құжаттарды ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Нормативтік негіз:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексі, 80-бап.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1266908?lang=ru

Жауап қалдыру