
⚜️Атырау облысы Әділет департаментінің Махамбет ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы А. Утеулиева Махамбет аудандық ауруханасының қызметкерлерімен «Конституция және адам құқықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы орны мен маңызы, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ оларды қорғаудың құқықтық тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға адам құқықтарын сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша кеңінен ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1266714?lang=ru

Жауап қалдыру