
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің СҚО бойынша өкілі «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық кино көрсетіліміне қатысты
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Жұмабаев Ж.Ж. облыстық Жастар ресурстық орталығы мен волонтерлердің фронт-офисі бірлесіп ұйымдастырған «Балық аулау торларының теңізі» деректі фильмінің экологиялық көрсетіліміне қатысты.
Іс-шара мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп, жастар белсенділерін, мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдерін, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар комиссиясының мүшесін біріктірді.
«Балық аулау торларының теңізі» деректі фильмі Каспий теңізінің ластану мәселелеріне, антропогендік әсердің қоршаған ортаға тигізетін теріс салдарына және табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне арналған. Көрсетілімнен кейін қатысушылар экологиялық жауапкершілік, волонтерлік қозғалысты дамыту, жастарды табиғатты қорғау бастамаларына тарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілінің және «Еркіндік рухы» Жастар комиссиясы мүшесінің қатысуы әрбір адамның қолайлы қоршаған ортаға деген құқығын қорғауға, сондай-ақ экологиялық мәдениет пен орнықты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған қоғамдық маңызы бар бастамаларға жастардың қатысуының маңыздылығын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1266751?lang=ru

Жауап қалдыру