Павлодар облысында қайта жаңғыртудан кейін Қалқаман және Шідерті вокзалдары ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысында Қалқаман және Шідерті теміржол станцияларының вокзалдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталды.

Жобаны іске асыру барысында екі нысанда да құрылыс-монтаж жұмыстарының кешені орындалды. Шатырды орнату жұмыстары аяқталып, ғимараттардың ішкі және сыртқы әрлеуі жүргізілді. Су құбыры, кәріз және жылу жүйелері жаңғыртылып, электр және әлсіз ток желілері тартылды. Сонымен қатар, вокзал маңындағы аумақ абаттандырылып, жолаушылар платформалары жаңартылды. Вокзалдар жаңа жиһаздармен және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жолаушылар мен теміржол көлігі қызметкерлері үшін неғұрлым жайлы жағдай жасалды.

1955 жылы салынған Қалқаман теміржол вокзалы реконструкциядан кейін жолаушылар инфрақұрылымына қойылатын заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Станция арқылы Астана, Павлодар, Семей, Көкшетау, Қарағанды, Түркістан, Шымкент, Бейнеу және Маңғыстау бағыттарына қатынайтын сегіз жолаушылар пойызы өтеді.

1954 жылы салынған Шідерті теміржол вокзалы да толық жаңғыртылды. Станция арқылы Астана, Павлодар, Семей, Көкшетау, Қарағанды, Түркістан, Шымкент, Бейнеу және Маңғыстау бағыттарына қатынайтын сегіз жолаушылар пойызы өтеді.

Вокзалдарды реконструкциялау жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ заманауи теміржол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1267084?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді