
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров Қазақстан Республикасындағы Ирак Республикасы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Джабер Әл-Темимимен кездесті.

Кездесуде тараптар Қазақстан Республикасы мен Ирак Республикасы арасындағы су ресурстары саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Жиында вице-министр Ирак Республикасының араб өңіріндегі Хельсинки су конвенциясына қосылған алғашқы мемлекет болғанын атап өтті. Қазақстан да конвенцияның қатысушысы және Ирактағы әріптестерімен бірлесіп трансшекаралық су ынтымақтастығының күн тәртібін ілгерілетуге дайын екенін жеткізді.

«Қазақстан су саласындағы халықаралық күш-жігерді жаһандық деңгейде үйлестіруді күшейтуді қолдайды және БҰҰ жүйесі аясында су мәселелері жөніндегі мамандандырылған орган құру бастамасын ілгерілетіп келеді. Әңгіме халықаралық ынтымақтастықты нығайту, деректер мен технологиялар алмасу үшін бірыңғай үйлестіру платформасын құру туралы болып отыр. Иракпен су ресурстары саласындағы ынтымақтастық екі елге де пайдалы болып, ортақ су мәселелерін тиімді шешуге ықпал етеді деп сенеміз», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Ирак Республикасы арасында су ресурстары саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум жасасуға дайын екенін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1266387?lang=ru

Жауап қалдыру