
2026 жылғы 28 шілдеде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы филиалының «Атамекен» өкілінің қатысуымен Қарағанды-Жолаушылар теміржол вокзалында қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді. Іс-шара халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, тағамнан уланудың алдын алу, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында мерзімдік медициналық тексерулерден уақтылы өту, өндірістік бақылауды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және қоғамдық тамақтану объектілерінде санитариялық талаптарды сақтау мәселелері қарастырылды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды. Іс-шара соңында жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1266590?lang=ru

Жауап қалдыру