
2026 жылғы 30 шілдеде Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына байланысты «Сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу ережелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық жұмыстарының барысы. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу ережелері. Маңызды қоғамдық-саяси іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға бағытталған жұмыстардың орындалу барысын саралап, атқарылатын жұмыстар мен алдағы міндеттерді нақтылау мақсатында өткізілген жиынға Ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің өкілі Қ.Баисинов, Ауыл партиясынан Т.Ертісұлы, Әділет партиясы Үржар аудандық филиалының төрағасы Е.Бейсенов, Ұйымдастыру бөлімінің маманы Ә.Нұрбекқызы, Ішкі саясат бөлімінен Д.Темірханқызы, Ғ.Берікқанұлы және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу ережелері талқыланып, жауапты мекемелердің атқарған жұмыстары тыңдалып, дайындық деңгейінің барысы пысықталды. Сол сияқты алдағы Құрылтайды жоғары деңгейде ұйымдастыруға байланысты дайындық жұмыстарының барысын талқылау үшін үйлестіру бойынша жұмыстар нақтыланды. Әрбір жүктелген міндеттердің уақытылы әрі талапқа сай орындалуы керектігі айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1266885?lang=ru

Жауап қалдыру