
30 шілде 2026 жылы Шалқар ауданының «Мансап» орталығы ұйымдастырған семинарға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің еңбек саласын бақылау бөлімінің басшысы Касенова Анара Бауыржанқызы және бөлімнің бас маманы Есалиева Лейла Бурабекқызы қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптары мен еңбек заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер түсіндірілді. Атап айтқанда:
✔️ еңбек шарттарын ЕСУТД жүйесіне енгізу тәртібі;
✔️ еңбек шарттары мен МЗЖ бойынша сәйкессіздіктерді жою;
✔️ ұжымдық шарт жасау тәртібі;
✔️ әлеуметтік аударымдар мен міндетті сақтандыру;
✔️ квота талаптарының орындалуы;
✔️ балалар еңбегіне қатысты заң талаптары.
Семинар соңында жұмыс берушілерге жеке қабылдау өткізіліп, еңбек заңнамасын қолдануға қатысты сұрақтарына жеке түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1267024?lang=ru

Жауап қалдыру