Шомылу маусымы қызған шақта өңіріміздегі жағажайлар мен демалыс орындарының жай-күйі ерекше назарда болуы тиіс. Өкінішке қарай, жүргізілген мониторинг бірқатар қала мен ауданда тазалық пен абаттандыру жұмыстарының талапқа сай емес екенін көрсетті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шомылу маусымы қызған шақта өңіріміздегі жағажайлар мен демалыс орындарының жай-күйі ерекше назарда болуы тиіс. Өкінішке қарай, жүргізілген мониторинг бірқатар қала мен ауданда тазалық пен абаттандыру жұмыстарының талапқа сай емес екенін көрсетті. Халыққа сылтау емес, таза, қауіпсіз әрі жайлы демалыс орындары қажет. Осыған байланысты облыс әкімі Н.А. Сақтағанов өңір әкімдеріне анықталған кемшіліктерді үш күн ішінде толық жоюды, жағажайлар мен демалыс орындарының санитариялық жағдайын ретке келтіруді, абаттандыру жұмыстарын күшейтуді және күнделікті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, Өңірлік Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Үйлестіру кеңесінде көтерген ұсынысын іске асыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жағажайлар мен демалыс орындарының тазалығы, қауіпсіздігі және қолжетімділігі мәселелері бойынша бір қатар ұсыныс берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1266361?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді