Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілінің қатысуымен «Конституциядағы адам құқықтары және олардың кепілдіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілінің қатысуымен «Конституциядағы адам құқықтары және олардың кепілдіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шара өңірдің жастар ресурстық орталықтарының мамандарын біріктіріп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары туралы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Семинардың модераторы – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, «Шығыс» жастар орталығының директоры, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Айдос Әділбекұлы Әлібеков.
Іс-шарада спикер ретінде:
🔹 Аяужан Тұрсынбекқызы Әшімова – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, Ұлттық Құрылтай депутаттығына кандидат, Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
🔹 Бақытжан Ерболқызы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары.
Семинар барысында Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті дамыту және адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерінің қызметі талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, құқықтық ағартудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1266359?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді