
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы құқықтық тетіктерді түсіндіру, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Дөңгелек үстел барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың құқықтық негіздері, қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер, құқықтық көмек көрсету тетіктері және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар жан-жақты қарастырылды.
Қатысушылар қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың, отбасы құндылықтарын нығайтудың және профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында аталған бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1267098?lang=ru

Жауап қалдыру