ЖАС ДЗЮДОШЫЛАР ТАТАМИДЕ БАҚ СЫНАСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Еңбекші ауданындағы «Олимпия» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен ашық біріншілік өтті.

🔹 Турнирдің мақсаты – жасөспірімдер арасында дзюдо спортын дамыту, спорттық шеберлікті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

🔹 Жарыстың салтанатты ашылуына Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы мен Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Байкен Әшірбайұлы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

🔹 Іс-шара аясында халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен спортшы мен оның жаттықтырушысы марапатталды.

🔹 Жас спортшыларды тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін жоғары санатты бапкер Асан Оңғарбаев, сондай-ақ жастар арасындағы Азия чемпионатында 78 келі салмақ дәрежесінде І орынды иеленген ауданымыздың жас спортшысы Гүлсезім Тұрлыбек Мұратқызы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еңбекші ауданында бұқаралық спортты дамытуға және талантты жастарды қолдауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/1266906?lang=ru