
Жаяу жүргіншілердің және мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Рахат ауылы тұрғындарының өтінішін қанағаттандыру аясында “Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” тарапынан жаяу жүргіншілер жолының (тротуардың) құрылысы басталды. Бұл жоба тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасауға, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Әсіресе мектеп оқушыларының білім беру ұйымдарына қатынауы кезінде қауіпсіздігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы Рахат ауылдық округі әкімдігі аппаратының тұрақты бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1266408?lang=ru

Жауап қалдыру