Қазақстан Әскери-теңіз күштерінде жауынгерлік даярлықтың кезекті кезеңі аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштерінде жерүсті корабльдері құрамаларының, әскери басқару органдары мен тактикалық топтардың даярлығын жетілдіруге бағытталған С курстық тапсырмасын қабылдау кезеңі аяқталды.
Командалық-штабтық жаттығулар, штабтық оқу-жаттығулар және практикалық сабақтар барысында құрамалар командирлері, штаб офицерлері мен кеме экипаждары өздеріне тиесілі міндеттерді орындады.
Оқу барысында жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру, күштерді басқару, өзара іс-қимылды жетілдіру, байланыс пен жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері пысықталды.
– Әскери басқару органдарының үнемі өзгеріп отыратын жағдайда шешім қабылдау бойынша практикалық дағдыларын жетілдіруге, кемелердің тактикалық топтарын тұрақты басқаруды қамтамасыз етуге, қолдау күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға, сондай-ақ қару-жарақ пен техникалық құралдарды тиімді қолдануға ерекше көңіл бөлінді, – деді «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблінің командирі 3-дәрежелі капитан Ермекбай Оспанов.
Курстық тапсырманың практикалық кезеңі кемелердің тұрақты орналасу пункттерінде де, теңіз полигондарында да өтті. Теңізге шығу барысында корабль экипаждары тактикалық топтар құрамында бірлесіп жүзу, байланыс пен басқаруды ұйымдастыру, навигациялық қамтамасыз ету және түрлі жағдайларда маневр жасау тапсырмаларын орындады.
Бақылау тактикалық оқу-жаттығуы кезінде штабтар мен кеме тактикалық топтарының күштерді басқаруға және қойылған міндеттерді орындауға дайындығы тексерілді.
Оқу-жаттығу нәтижесінде басқару органдары мен кеме экипаждарының жоғары үйлесімділігі, командалық құрамның кәсіби даярлығы, жағдайды дұрыс бағалап, дер кезінде шешім қабылдау және оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында күштерді тиімді басқару қабілеті расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1267131?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді