
08 маусым күні Қарашыған ауылдық округінде интернет алаяқтық алдын алу мақсатында брошюралар таратылды. Тұрғындарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары және күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық брошюралар таратылып, сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1267531?lang=ru

Жауап қалдыру