
Абай облысында жаңа индустриялық жобаның құрылысы басталды
Аягөз ауданында «Aidarly Mining» ЖШС жүзеге асыратын «Айдарлы» тау-кен байыту комбинатының құрылысына ресми түрде старт берілді. Жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, инвестиция тартуға және жаңа өндірістерді дамытуға бағытталған ірі бастамалардың бірі болып табылады.
Кәсіпорын толық қуатына шыққанда жылына 75 млн тонна кен өңдеп, 226 мың тонна мыс және 3,55 мың тонна молибден концентратын өндіреді. Жоба аясында 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылып, бюджетке түсетін жиынтық салық көлемі 1,43 трлн теңгеден асады деп күтілуде.
Заманауи өндіріс экологиялық талаптарға сай салынып, жабық су айналымы жүйесі мен жерді рекультивациялау технологиялары қолданылады. Бұл жоба Абай облысының инвестициялық тартымдылығын арттырып, тау-кен металлургия саласының дамуына және өңір экономикасының тұрақты өсуіне жаңа серпін береді.
#АбайОблысы #Кәсіпкерлік #Индустрия #Инвестиция #AidarlyMining #Өнеркәсіп #Экономика #AbaiAqparat
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kasipkerlik/press/news/details/1267806?lang=ru

Жауап қалдыру