
«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысына келді
Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А. Әлжанов қатысып, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша пікір алмасуға қатысты. Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Бұған дейін партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штаб Түркістан, Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарында осындай кездесулер өткізген болатын.
#Қазақстан #Әділет #ӘділетПартиясы #ӘділеттіҚазақстан #ПартияӘділет

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1267385?lang=ru

Жауап қалдыру