Алкоголь және қоғамдық тәртіп: полиция профилактикалық жұмысты күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтыну және мас күйде жүру фактілерінің алдын алу бағытында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар заманауи технологиялардың көмегімен де жүзеге асырылуда. Жедел басқару орталығының қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда орнатылған бейнебақылау камералары арқылы тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Камералар арқылы қоғамдық тәртіпті мас күйінде бұзған азаматтар жедел анықталып, ақпарат жақын маңдағы полиция жасақтарына дереу жолданып, заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

Жыл басынан бері Жедел басқару орталығының көмегімен қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және мас күйінде жүрудің 1001 фактісі анықталып, жолы кесілді.

Полиция алкогольді шамадан тыс тұтыну көбіне құқық бұзушылықтарға, тұрмыстық жанжалдарға, жол-көлік оқиғаларына және өзге де келеңсіз жағдайларға себеп болатынын еске салады. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен заң талаптарын орындау – әр азаматтың ортақ міндеті.

Жетісу облысының Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтынудан бас тартуға, заң талаптарын сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірге үлес қосуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1267873?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді