Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Қарасай ауданының №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бос лауазымдық орнын иеленуге конкурс жариялайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қарасай ауданының №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек а.о. Қырғауылды ауылы 271 есепке алу кварталы 8033 құрылыс мекен жайында орналасқан.

Басшы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін басқарады, қабылданатын шешімдердің орындалуын, ұйымның теңгеріміндегі мүліктің қауіпсіздігі мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;

Еңбек өтілі: 3) қалалық, аудандық коммуналдық заңды тұлғалар үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл еңбек өтілі, не дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және “Дене шынықтыру және спорт”, “Бизнес, басқару және құқық” мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде екі жыл еңбек өтілі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме, еркін түрде баяндалған өмірбаяны, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының (болған жағдайда) не болмаса еңбек шартының немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдануы және еңбек шартының бұзылуы туралы бұйрықтардан көшірме, белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының жоқтығы және сотталмағандығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау  2026 жылғы 04-12 тамыз күндері аралығында Қонаев қаласы, 4 шағын аудан, 47/1 мекен жайы бойынша немесе ao_oblsport56@mail.ru электронды поштасына жолдау арқылы жүзеге асырылады.  Байланыс телефондары: +7 747 353 4310. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-sport/press/news/details/1267833?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді