Астанада жастарға арналған ауқымды есірткіге қарсы акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Астана қаласының Ботаникалық бағында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, есірткінің зияны туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған ауқымды профилактикалық акция өтті.
Іс-шараны Астана қаласы Полиция департаменті Ішкі саясат басқармасы, Білім басқармасы, «Есіл» ауданы әкімдігі, «Жасыл желкен» қоғамдық бірлестігі және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырды.
Акцияның басты мақсаты – жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, қоғам назарын нашақорлықтың алдын алу мәселесіне аудару және белсенді өмір салтын дәріптеу болды.
Шара барысында қатысушылар арқан тарту, секіртпемен секіру және кір тасын көтеру бойынша спорттық сайыстарда бақ сынап, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар тұрғындар арасында нашақорлықтың алдын алу бағытында сауалнама жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.
Көпшіліктің ерекше қызығушылығын Тазабек пен Тәртіпбек маскоттарының қатысуы және робот-иттің көрсетілімі тудырды. Балалар мен жастар сүйікті кейіпкерлерімен суретке түсіп, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерімен танысты.
Мұндай іс-шаралар қоғамда есірткіге мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және салауатты өмір салтын таңдауға ықпал етеді.
Астана қаласының Полиция департаменті нашақорлықтың алдын алу – құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін еске салады. Жастардың жарқын болашағы – бүгінгі дұрыс таңдау мен бірлескен профилактикалық жұмыстың нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1267341?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді